"Ұятсыз видеосы тараған" "Хан" тамаданы тойына шақырушылар көбейген

"Ұятсыз видеосы тараған" "Хан" тамаданы тойына шақырушылар көбейген

Екі аптаға жуық уақыт бойы елді эротикалық видеоларымен шулатқан "Хан" тамаданың қазіргі өмірі басқаларға қарағанда, әлдеқайда жақсырақ деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, интернеттен эротикалық видеолары тарап, жұрттың қызу талқысына түскен "Хан" тамада ол видеоларды өздері үшін түсіргенін мәлімдеген еді. 

Артынша әйелі екеуі жылап, "видеоны таратуды тоқтатыңдар" деп жұртқа жалынды. 

Арада бірер күн өткенде, видеоны таратты деген мобилографты заңды жауапқа тарту үшін шағым түсіргенін айтқан тамада дымсыз қалғанын да жасырмап еді. 

Әйтсе де, бірер күннен кейінгі "Хан" тамаданың әлеуметтік желідегі парақшасын шолып шықсаңыз, соңғы күндері оны тойға жиі шақыратындар саны артқанын байқау қиын емес. 

"Хан" тамада да "оралдықтарға жерлесім болғаны үшін скидка бар, 500 мың теңгеге бір тойды басқарып берем"деп жарнамасын жариялаған. 

Қаншама күн ұятсыз видеолары үшін жерден алып, жерге тыққан "Хан" тамадасын енді жұрт тойының төрінде көруге ниетті екен. 

Осыған қарап, бір ғана сұрақ келеді, көкейге... Біз қандай адамбыз?...

Барлық жаңалықтар