"Үйден қашып, подвалда тұрдым" деген Қайрат Нұртас жан сырын ақтарды

"Үйден қашып, подвалда тұрдым" деген Қайрат Нұртас жан сырын ақтарды

Таяуда өтетін концертінің алдында сұхбат берген әнші Қайрат Нұртас өткен күндерін еске алды деп жазады Democrat.kz.

"Үш жасымнан, балабақшадан ән айтуды бастаған болатынмын. Анам анда да, мұнда да алып жүрді. 

Жасым кіші болғандықтан ба, көптеген әндер жаздырдым. 14-15 жасқа дейін. 17 жасқа келгенімде, әкемнен соңғы рет "бізге ақша берші, бір ән жаздыртуым керек деп 1500 доллар ақша сұрадым. 

Әкем берген ақшаға Бауыржан Есебаев ағамызда тұрған "Таңғы елес" және "Арман" деген екі әннің бірін таңдадым. "Арман" әнін таңдадым. 

Ән жазылып біткен соң, өте жақсы тарады. Бірақ орындаушысы мен екенімді ешкім білмеді. Бірі "Жігіттер квартеті орындап жүр" десе, енді бірі Нұржан Қалжанның әні десті. 

Кейінірек әкемнен тағы ақша алып, әнге клип түсірдік. Әнім қатты танымал бола бастаған кез еді. Колледжде оқимын. Үйім бар, бірақ мен достарыммен бірге жатақханада жүретінмін.

Үйден қашып кете беретінмін. Бірақ балаларға қашып кетіп, солармен подвалда тұратынбыз" деген Қайрат Нұртас еңалғаш өзін әнші ретінде "Барахолкадағы" біреудің танығанын айтты. 

Барлық жаңалықтар