Бірер күн бұрын үйі отқа оранған діндар Жанәділ Райымбеков кейбіреулерге реніш білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Бірер күн бұрын үйім өртенді. Сол видеоның астында жазылған бір пікірлерге көзім түсті. "Харам ақшаға салынған үй" деген сияқты нәрселер жазуда.
Біріншіден, адамның басына сынақ немесе жаза дегенді Алла береді.
Сынақ па, жаза ма, оның біле алмайсың. Ол ғайып деп аталады. Алла пендесін әртүрлі сынайды.
Алла сынақты да, азапты да сені сүйгені үшін береді" деген діндар Мәдинада да мешіт өртенгенін айтып, "сонда Мәдинадағы мешіт те харам ақшаға салынған ба" дейміз бе, Алла сақтасын" деді.