Үйқамақтағы Гүлнар Бажкенова үндеу жасады

Үйқамақтағы Гүлнар Бажкенова үндеу жасады

Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова үйқамақта отыр. Ол адвокаты арқылы әріптестеріне және өзіне қолдау білдірген жандарға сәлем жолдады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Orda.kz.-ке сілтеме жасап.

Бүгін кешке адвокат Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында Гүлнәр Бажкенованың сөзін жариялады:

 

«Достар, мен байыпты қалпымнан танбадым, мойыған жоқпын. Өзімді қорғаймын. Қазір үйқамақтамын. Басқа жол қалмады. Бұл қиын кезең де аяқталады. Заң мен әділдікке сенемін. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Дәл қазір бұл мен үшін өте маңызды. Қасымда болғандарыңызға рахмет. Сондай-ақ әріптес-журналистеріме алғыс айтамын», — деп жазылған хабарламада. 

Адвокат Мұрат Адам полицияға көптеген өтінішхат жібергенін, сондай-ақ, заңсыз тінту мен редакция мен Гүлнәр Бажкенованың мүлкін алып кету фактілері бойынша Бас прокуратура мен Алматы прокуратурасына шағым түсіргенін айтты. Сонымен қатар адвокаттың заңды жұмысына кедергі келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап еткен.

Оның айтуынша, Гүлнәр Бажкенова ұсталған сәтте адвокаты келмейінше ешқандай түсініктеме беруден бас тартқан, сонымен қатар өзіне адвокатсыз қол қоюға ұсынылған құжаттарға қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартқан.

«Ол маған хабарласып, жүргізіліп жатқан процестерге қатыстыруды талап етті. Бірақ, өкінішке қарай, оның сөзіне құлақ аспады. Мені оның қасына өткізбеді. Кеше мұның бәрін сіздер өздеріңіз де БАҚ пен әлеуметтік желілерден көрдіңіздер. Міне, біздің «Жаңа Қазақстанымыз» осындай», — деді адвокат. 

 

Барлық жаңалықтар