Шоу жасауға кіріскен әнші Төреғали Төреәлі Алакөлдегі көрерменімен әзілдесіп, кейбіреуге жақпай қалды деп жазады Democrat.kz.
"Пиво әкеп берейін бе, дейсің бе? Қой-ей, тоқтаттым ғой бәрін. Ұят қой. Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе жұрт тағы. Әлде концерттен кейін қалай, көке былай? Онда тұрған не бар?" деген Төрештің сөздері кейбіреулерге ұнамай қалды.
Жұрт "Уже мас қой мынауың", "Мекке қайда қалды қажылық қайда қалды", "Өзі әзер тұр ғой уже тойып алған" деген пікір жазуда.