Аман Тасығанға берген сұхбатында "Үкілі бала" атанған емші тәуіптердің алаяқтығы туралы ашық айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Кезінде жұртты қамшмен сабап, үкісі желбіреп адам "емдеген" тәуіп Аман Тасығанға сұхбат берді.
"Кезінде өзім де адам емдедім. Содан білемін. Ол адамның қандай халде келіп отырғаны емес, саған қанша ақша беретіні маңызды. Емші, тәуіптердің барлығы тек солай жұмыс істейді.
Науқасты емдеуге емес, одан алатын ақшаны ғана ойлайсың. Түпсанаңда ол науқасты емдеп, жаза алмайтыныңды біліп тұрасың. Бірақ соны біліп тұрып, ақша үшін "емдеймін" деп алдайсың.
Емшілердің тоқсан пайызының адамды емдейтін қасиеті жоқ" деді "үкілі емші" Ерболат Серікбаев.