Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Президент Ұлттық құрылтай барысында авиация саласын дамытуға және отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударғанын айтты деп жазады Democrat.kz.
Сондай-ақ теміржол саласында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.
Президент көлік саласын дамытуға ерекше тоқталып өтті.
Көлік министрлігіне “Самұрық-Қазына” қорымен бірге бір апта мерзімде жаңа халықаралық әуе рейстерін іске қосу және ұлттық карго-тасымалдаушының алдағы қызметі жөнінде нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.
Көлік және Энергетика министрліктері, “Қазмұнайгаз” компаниясы, мүдделі мемлекеттік органдар авиаотын бағасының, сондай-ақ отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырсын.
Теміржол саласында биыл “Қызылжар – Мойынты”, “Дарбаза – Мақтаарал”, “Алтынкөл – Жетіген” және “Жезқазған – Сексеуіл” жобаларын аяқтау қажет, — деп атап өтті Премьер-министр.