«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заңда қылмыстың себептерін ерте ескерту және анықтау жүйесі қарастырылған деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.
Құжат соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың қадағалаусыз қалуы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы мәселелерін реттейді.
Жалпы, жеке және арнайы шараларды қамтитын жаңа профилактикалық жүйе енгізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикаға ерекше назар аударылған.
«Жаңа заңда проблемаларды ерте анықтау жүйесі қарастырылған, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың рөлі күшейтілді. Зорлық-зомбылық пен қорқытудан зардап шеккендерге әлеуметтік, медициналық және психологиялық көмек қарастырылған. Жергілікті жерлерде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдар құрылады»,
— деп түсіндірді Игорь Лепеха.
Әкімдіктер жанында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау жөніндегі мобильді топтар жұмыс атап өтілді. Отбасын қолдау орталықтарына үйлестіру, жәбірленушілерді есепке алу, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау мәселелерін қарау беріледі. Бұл жұмысқа ҮЕҰ мен дағдарыс орталықтары тартылмақ.
Рецидив қылмыспен күресте қайта әлеуметтендіруге баса назар аударылады. Осыған байланысты:
- құжаттарды рәсімдеу процедураларын қайта қарау;
- соттылығы бар адамдарды жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушілерді ынталандыру тетіктерін пысықтау;
- әлеуметтік бейімдеу орталықтарының дамуын қамтамасыз ету;
- түзеу мекемелерінде кәсіптік-техникалық білім берудің қолжетімділігін кеңейту ұсынылады.
Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қысқа мерзімде заңнығ жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі, заң аясындағы актілер мен өзара іс-қимыл алгоритмдерін қабылдауы, барлық новелла бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілуі қажет.