ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсынов өзге ұлтпен қазақ ұлтын салыстырып жазба жариялады. Осы жазбасына қатысты пікір білдірген экономист-сарапшы Айбар Олжаев құзырлы органға арыз түсіргенін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
"ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсынов жазған "они более образованные, ответственные и стабильные" деген формулировка бір ұлтты бір ұлттан жоғары қою болып тұр. "Превосходство арийской расы" деген Гитлер фашизмінің идеологиясы тура осылай құрылған.
Бұл тұрғыда Марғұлан Тұрсынов ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабын бұзуы мүмкін. Осыны тексеру бойынша жаңа ғана Бас прокуратураға мәліметтерді қосып, арыз жолдадым. Прокуратура не өзі тексереді, не Ішкі істер министрлігіне жолдайды" деп жазды Айбар Олжаев.
ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсынов нақты не жазып еді?
Төменде Тұрсыновтың жазбасының скринін беріп отырмыз.

Марғұлан Тұрсыновтың осы жазбасына қатысты "Бір ұлтты екінші ұлттан жоғары яки төмен санайтын маргулан сияқтылар қоғамдық пікір қалыптастыратын ортадан аласталуы керек.
Ол үшін кансел жасалса жетіп жатыр. Паблигінен бас тарттым.
Бұлар жазылушылар санының көптігімен құтырып жүр.
Парақшасына шағым тастау арқылы әр сөзге абай болу керегін ұқтыра аламыз" деп жазды журналист Халима Тәжіқұл.
Сондай - ақ "Жалпы орыс тілді ағайында бір түсінік бар екен. "Қазақша" деген сөзді естісе, жанына міндетті түрде "сапасыз", "деңгейі төмен", "екінші сортты" деген ұғымдарды қосақтап алады.
Бұл бейсаналы түрде жүретін құбылыс шығар деп ойлаймын. Тіпті ең керемет деген романдар мен ғылыми басылымдардың қазақшасын да сапасыз деп санай салады.
Біріншіден, оның сапалы, иә сапасыз екенін орыс тілді адам білмейді, қазақ тілді адам біледі.
Екіншіден, тіл деген бір затты сипаттайтын, атау беретін құрал. Сіз ол құралды қолданып көрмегенсіз, қолдануды білмейсіз, танымайсыз, оның сапалы, иә сапасыз екенін қайдан білесіз?
Сөйлем арасындағы бір сөз мүмкін сізге жағымсыз естілер, мүмкін түсінбей қаларсыз, бірақ дәл сол сөз осы нәрсенің қазақша атауы, осы нәрсенің қазақша сипатын береді. Оны сіз білмейсіз, білмеген соң сапасыз дейсіз. Сіз кінәлі ме, тіл кінәлі ме?
Құлағы әбден орысша сөзге жатығып үйренген, әуелден-ақ орыс тілі мүлтіксіз (кейін, есейе келе үйренгендер тіпті де солай ойлайды) деген түсінікпен өскен адам келіп, қазақ тіліне ұстаз болғысы келе ме?
Осы жұрт неге пәленің бәрін қазаққа жаба бергіш боп алды, түсінбеймін?" деп жазды Есбол Нұрахмет.