"Ұлым мен қызымды масқара жағдайда ұстап алдым" деген әйел көмек сұрады

"Ұлым мен қызымды масқара жағдайда ұстап алдым" деген әйел көмек сұрады

Заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше бір хаттың көшірмесін жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Ләззат ханым, қалыңыз қалай? Екі кішкентай балам мама папа ойнап жатқандарын көріп аямай ұрдым кеше.

Балалармен отырып сөйлестім әкелері жұмысқа кеткен соң. Екеуі де ,,интересно было, хотелось узнать “ дейді. Қызыма оның бәрін қайдан білесің деп ұрыстым.

"Жай ғана ішкиімдерімізді шешіп, тигізіп көрдік. Кіргізбедік" дейді.

Өмірімде мұндай нәрсе жазам деп ойламаппын. Бір бөлмелі пәтерде тұрамыз. Қызым таңға жақын папасы жұмысқа барарда көріп қалыпты біздің істі.

 Күйеуіме не деп айтарымды да білмеймін. Оған бұл туралы айтпаймын деп шештім. Өзім осы тұрып жатқан қаладан психолог іздеп көремін, бірақ ешкімге сенім жоқ, балаларымды” ұрдың “ деп детдомға алып кете ма деп қорқамын" деп ағынан жарылған әйел заңгерден көмек сұрапты. 

Осы хатқа байланысты оқырманның пікірі екіге жарылды. Бір тарап "баламен ашық сөйлесу керек, жыныстық тәрбиені әкесі мен шешесі үйретуі керек" десе, келесі бір тарап "екі бөлмелі үйге көшу керек, балалар ұйықтағанда "нету" керек, бала жыныстық қатынас туралы білмегені дұрыс" дейді. 

Барлық жаңалықтар