Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды

Ұлытау облысы Қазақстан өңірлері арасында халықтың табысы бойынша екінші орынға ие болды

Өңір тұрғындарының орта есеппен жан басынашаққандағы табысы айына 353 мың теңгеге жетті. Бұлелдегі орташа көрсеткіштен шамамен 40%-ға жоғары. Осы көрсеткіш бойынша Ұлытау облысы Қазақстанныңбарлық өңірлері арасында екінші, ал облыстар арасында бірінші орында тұр деп жазады Democrat.kz.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың I тоқсанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бойынша деректерді жариялады. Мәліметке сәйкес, Ұлытау облысы жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің қатарына енді.

Қаңтар–наурыз айларында өңір тұрғындарының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айына 353 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлытау облысы Қазақстанның барлық өңірлері арасында екінші орынға ие болды. Бірінші орында Алматы қаласы, мұнда жан басына шаққандағы табыс 408,2 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ өңір көрсеткіші 352,8 мың теңгені құраған Астана қаласынан сәл жоғары нәтиже көрсетті.

Ал еліміздің облыстары арасында Ұлытау бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы — 323,7 мың теңге, Маңғыстау облысы — 288,9 мың теңге және Павлодар облысы — 284 мың теңге орналасқан.

Жалпы Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 252,6 мың теңгені құрады. Осылайша Ұлытау облысының көрсеткішіреспубликалық орташа деңгейден 100 мың теңгеден астамға немесе шамамен 40%-ға жоғары.

Айта кету керек, жан басына шаққандағы ақшалайтабыс орташа жалақы деңгейіне қарағанда әлдеқайдаауқымды ұғым болып табылады. Бұл көрсеткішке тек еңбекақысы ғана емес, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік қызметтен, мүліктен түсетін кіріс және өзге де ақшалай түсімдер кіреді. Жалпы табыс сомасы өңірдегібарлық тұрғындар санына, оның ішінде балалар, зейнеткерлер және жұмыс істемейтін азаматтарды қосаесептеп бөлінеді.

Ұлытау облысының жоғары көрсеткіші өңірэкономикасының құрылымымен тығыз байланысты. Атапайтқанда, аймақтағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі«Қазақмыс» компаниялар Тобы болып табылады. Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы, өндірістік жәнеинвестициялық жобалардың іске асырылуы, сондай-ақбілікті мамандарға сұраныстың жоғары болуы халықтабысының өсуіне және Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен облыстың өзге де елді мекендеріндегі іскерлікбелсенділіктің артуына ықпал етуде.

Барлық жаңалықтар