Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қыз Айым Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне қатысты жазба жариялап, жұртқа мазасын алмауды сұрады деп жазады Democrat.kz.
"Тоқалына кетті", "бес баласын тастап кетті", "оңбаған әке" сынды сөздер Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бары белгілі болған күннен бері толассыз айтылып келеді.
Бала үшін әкенің жаманы болмайтыны шындық. Айым Тұрсынбекқызының да әкесіне қатысты осындай сөздер жанына батса керек, әлеуметтік желідегі парақшасында: "Әкемді өте қатты жақсы көремін. Қандай болса да, жақсы көремін. Барлығы қателік жасайды. Әкем өте жақсы адам.
Үнемі қолдауын көрсетіп жүреді. Әкетайым, сені жақсы көремін. Сенің жақсылықтарыңды ұмытпаймын!"деп жазба жариялап, әкесімен түскен суретін жариялады.
