Жыл сайын қазақстандықтарды екіге бөліп, қызыл кеңірдек қызу талқы болатын тақырып "желтоқсанның соңғы түні" тақырыбы тағы да көтерілді деп жазады Democrat.kz.
Дамира есімді діндар қыз желтоқсанның соңғы түнінде әрбір мұсылман атқаруға тиіс шаруаларды көрсетіп берді. Оның айтуынша,31 желтоқсанның түнінде діндар кісі:
Ең бірінші жақсылап дәрет алуға тиіс
- Көрпесін сілкілеуге тиіс
- Оң жағымен жатып, оң қолын маңдайына қоюға тиіс
- Солай жатқан күйі "Әл күрси", "Әннас", "Ықылас" сүрелерін тоқтаусыз оқуға тиіс.
Діндар қыздың бұл жазбасы мен суретін қатысты жұрт: "Айфон ұстап, ЛГБТны насихаттап тұрсың", "мұсылмандар жаңа жылды қарсы алудың түнінде кәпірлердің смартфондарын ұстамауға тиіс", "қолыңдағы гүлдегі жазба гейдің аты", "есі дұрыс адам желтоқсанның соңғы түнін күнтізбенің ресми ауысатын күні деп тойлайды, ешбір дінге қатысы жоқ екенін бұлар неге түсінбейді", "тойламасаң, тойлама, бірақ осылай жазудың керегі не", "осылардан басқа әлемде ешкім "жаңа жылды тойламаймын" деп ырбаңдамайды, неге?", "ислам елі Дубайдың өзі думандатып тойлайды, ал бұлар ескі ғасырдың үңгірін аңсайды да жүреді"дегенге саятын пікір жазуда.