Біраз уақыт бұрын ТикТок әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде танымал атеист Ысқақ пен дебат жасаймын деп, артық сөз айтып, балағат сөздерді төккен діндар жігіттің "жуасыған видеосы" қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
ТикТокта әр күн сайын түрлі тақырыпта танымдық дүниелер айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, діндегі кемшіліктерді дәлелмен айтып, миллиондаған кісінің жүрегін жаулаған Ысқақ SciQ есімді жігіт бар.
"Құдай жоқ, бар болса, дәлелде" деген жазбамен күн сайын ТикТокта тікелей эфир жүргізетін осы Ысқақтың эфиріне күнде бір діншіл құдайдың барын дәлелдеуге жанталасып, ақырында надандығы ашылып, масқарасы шығып, кететіні қалыпты жағдайға айналған.
Сондай тікелей эфирдің бірінде сақалы жалбырап, сөзден жеңіліп, білімі жетпеген діншіл еркек ақырында сөз таппай, аузына келген былапытты төгіп, "сені шешеңнің қарнында жатқанда бауыздап тастау керек еді" дегенге саятын сұмдық сөздер айтып еді.
Міне, сол елірген діншіл жігіттің таяуда момақан, жуасып қалған видеосы тарады. Діншіл жігіттің айтуынша, эфирде айтқан сөздері үшін ҰҚК тергеуге алып, 1 500 000 теңге айыппұл арқалаған.