"Ұрысқақ әйелдерді эфирге шығарудың қажеті жоқ" дейді заңгер

"Ұрысқақ әйелдерді эфирге шығарудың қажеті жоқ" дейді заңгер
Қоғам белсендісі, заңгер Марғұлан Ермағанбетұлы ұлттық арнадан берілген бағдарламаға қатысты сын айтып, арна басшыларына үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
 
"Қазақстан" телеарнасындағы "Қазір айтайық" бағдарламасының кезекті шығарылымына шақырды.
 
Тақырып "Абьюзер әйел". Бұндай тақырыпқа шығып көрмесем де, бұл тақырыпта маман болмасам да журналистер шақырған екен. Кейін сіздің орныңызға психолог келетін болды деді.
 
Кейін эфирді көрсем Елбасы Жолдауында айтқан ұрысқақ әйелдерді осы эфирде көрдім. Эфирдегі спикерлер тақырыптан көп ауытқып отырды (бұл үйреншікті). Әсіресе әйел адамдар көбіне ұрысып отырды.
 
Егер мен эфирде болсам алдымен заңгер ретінде тақырыпқа арқау болған абьюзерге анықтама беріп, тек оның себебін айтып және абъюзер бейнесі кім десе мына қарындасымды көрсетер едім. 
 
Сөзді бөліп, ыржындап, өзінен үлкен қарт адамдарға сіздің уақыттарыңыз өтіп кеткен деп, еш дәйексіз өз пікірін тықпалап отырды.
 
Құрметті Қазақстан ұлттық арнасы басшылығы Ернұр Бурахан. Қазақ ұлтының өз құндылықтары бар. Шет елде білім алғанның бәрі ақылды емес және олардың ұстанымдары ұлттың құндылықтарынан жоғары тұрмауы керек.
 
Отбасын құрмай, роддомды көрмеген қыздардың отбасы құндылықтарында ақыл айтуы өте қауіпті құбылыстардың бірі. Өз өміріндегі проблеманы ұлт проблемасы көру белең алуда.
 
Бюджеттен миллондаған арнаға спикерді шақырарда сұрыптап отыруларыңызды сұраймын"деп жазды заңгер. 
Барлық жаңалықтар