"Үш күйеуімді де сүйемін" деген қазақ келіншек үш еркекті тең ұстап отырғанын айтады

"Үш күйеуімді де сүйемін" деген қазақ келіншек  үш еркекті тең ұстап отырғанын айтады
Белгілі журналист Жазира Бегалы кезекті кейіпкері туралы жазба жазып, әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді деп жазады Democrat.kz.
 
"Үшінші рет тұрмыс құрған әйел 8-ші перзентіне жүкті. Бірінші күйеуінен үш, екінші күйеуінен үш бала туған. Соңғысынан бір бөпесі бар.
 
Үшінші күйеуімен дүкенде танысқан. Ол жалданып жұмыс істейді. Бұл сатушы. Қос ғашық бірін-бірі көрмесе өмір сүре алмайтын күйге жетіпті. Алты баласын жалғыз баққан келіншекке жігіт үйленеді.
 
Бірақ некені заңдастырмаған. Отағасы тұрақты жұмыс істемейді. Әйел көпбалалы жалғызбасты анамын деп мемлекеттен жалдамалы пәтер алған.
 
Тұрмысы төмен отбасы ретінде тағы қосымша көмек алады.
Келіншек бұрынғы ерлерімен әлі күнге араласады екен. Түсірілімнен қайтып келеміз.
 
Екеуі де қоңырау шалды. Әйел бұрынғы ерімен емес сүйікті жарымен сөйлесіп жатыр деп ойладық. Бірінші күйеуі үйленіпті. Екі жылға жетпей жаңа әйелі қашыпты.
-Үш ер азаматтың қайсысын жақсы көресіз ?- деп сұрадым.
 
Өзі ешнәрсені жасырмайтын ерекше жан “үшеуінде сүйемін” деді. Бұрынғы екі күйеуі мұны аптасына бір көрмесе мазалайды екен. “Көңілсіз өмірден жалығып , ажырасып, тастап кеттім” деді кейіпкер. Үйіне кірдік. Үшінші күйеуі ұйықтап жатыр.
 
Мемлекеттен берген жалдамалы баспанада тұрады. Тұрмысы нашар отбасы ретінде әкімдік азық-түлік, киім-кешек береді екен. Күйеуі де балалардың әкелерімен жұбайымен кездесуге кедергі жасамайды екен. Қысқасы , әйел бақыттымын деді." Деп жазды Жазира Бегалы. 
 
Барлық жаңалықтар