Танымал тележурналист Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұлмен арасында басталған сезімі туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Ең алғаш Жұмабекпен сұхбаттасқанымда, маған оның әрбір айтқан дүниелері өте қызық болды. Өзім де кәсіпкер болған соң, оның тәжірибелі кәсіпкерлігінен көп дүниені білгім келді.
Кейінірек Жұмабек өзі хабарласып, арамыздағы сезім кейінірек оянды. Жұмабектің бойындағы мені баураған ең басты қасиеті оның мен үшін алаңдайтыны болды.
"Сен өте көп жұмыс істейсің, неге өзіңе демалыс жарияламайсың, азырақ жұмыс істесеңші" деп мені уайымдап айтқан сөзі әлі есімде.
Оның сондай ерекше қасиеттері мені баурап алды. Ал менің сезімдерім уақыт өте келе пайда болды. Алып ұшып, сүйіп, күйетін жаста емеспін ғой. Бәрін ақылдың таразысына салдым.
Білесің бе, мен Жұмабекті күн өткен сайын сүйе түскендеймін. Оның ерекше қасиеттері әр қырынан ашылған сайын оған деген сезімім де арта түсуде" дейді Динара Сәтжан өз сұхбатында.
Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.