Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева өзі ең ләззат алатын ерекше сезімі туралы видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Жаныңа жақын жандарды қуанту ең кайф сезім ғой. Мереке бар жерде күнде мереке.
Балалардың ішіндегі қайсысының эмоциясы күшті болды. Арсенді қосқанда)))" деп жазған Мереке мен Арсен балаларына аквариум мен тотықұс сыйлады.
Ал Мереке күйеуіне компьютер мен жабдықтарын және "Айфонның" соңғы маркасын сыйлап таңғалдырды.
"Мына сыйлықтың бәрі жайша ма" деген Арсенге "ұсталып қалдым" деген Мереке бұл әзілімен күйеуін күлкіге қарық қылды.