"Ұстазды құрметтеуді министрден үйрен!": Абайлық ардагер ұстаздар министрге ақ батасын берді

"Ұстазды құрметтеуді министрден үйрен!": Абайлық ардагер ұстаздар министрге ақ батасын берді

Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен болған кездесуден кейін өз пікірлерімен бөліскен Абай облысының ұстаздар қауымы ыстық ықыласын жеткізді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Абай облысына барған іс сапарында минстр Ғани Бейсембаев педагогтармен кездесіп, білім саласындағы мәселелерді талқылады. 

Кездесу барысында білім сапасын арттыру, кадрлық мәселелерді оңтайлы шешу, оқушылардың тәрбиесіне қатысты бірқатар тақырып сөз болды. 

Министрмен болған кездесуде Абай облысының ұстаздар қауымы Ғани Бектайұлына көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. 

"Ұстазды құрметтеуді Бейсембаевтан үйрен! Кейбір әкімдер ұстаздарды қолбалаша жұмсайды. Отқа да, суға да салатындары - өзі алдынан білім алып, өсіп шыққан ұстазы! Министр Бейсембаев мырза барлық педагогты жалғыз қорғап келе жатқан жанашыр министр! Ұстаздарды қорғауды әкімге аманаттаған министрден  айналмайсың ба!" деп разылығын білдірген өңірдің ардагер ұстаздары Ғани Бектайұлына ақ батасын берді. 

 

Барлық жаңалықтар