Ұсыныс - пікір: Біздегі университеттер қарыштап дамысын десек...

Ұсыныс - пікір: Біздегі университеттер қарыштап дамысын десек...

АҚШ университеттерінің көпшілігінде өз түлектеріне жұмыс бермейді екен. Яғни универге жұмысқа алып қалмайды. Себебі не деп ойлайсыздар?

Нақты жазылған шектеу жоқ.

Принцип мынада:

Университеттің студенттері негізінен өздері берген білімді алды. Маман болды.

Ал олар университет дамуына қандай жаңа леп қоса алуы мүмкін?

Оқу процесіне қандай жаңа технология мен инновациялар енгізуі мүмкін?

Үлкеен сұрақ…

Ал сырттан алған мамандар, оқытушылар жаңа пікірлер, жаңа көзқарастар, тың өзіндік ойлар мен инновациялар алып келе алады.

Сондықтан таңдау барысында негізінен сырттан келетін мамандарға басымдық береді екеен.

Біздің елдегі біраз университеттер, жұмыс істеп жатқан қызметкерлердің, оқытушы-профессорлық құрамның 80% өз түлектеріміз деп мақтанады.

Бәлкім жылдар бойы содан өзгеріс жоқ шығар?

Мүмкін елдегі университет дамуының кенжелеп келе жатқаны содан шығар, қалай ойлайсыздар?

Ербол Сәбитов. қоғам белсендісі.

 

Барлық жаңалықтар