"Уын ағызып": Депутат мүфтиятқа шүйлікті

"Уын ағызып": Депутат мүфтиятқа шүйлікті

Депутат Қазыбек Иса уағызды кім көрінген айтып жүргеніне наразылық білдірді. Ол елімізде радикалды діни ағымдарға заңмен тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды Democrat.kz.

Оның айтуынша, қазір уағызды кім көрінген айтып жүр. «Аузына келгенін айтатындарды қалай ұстаз деуге болады», – дейді депутат.

"Ұлтты ұйыстыратын, жұртты көркем мінезге шақыратын уағыздың орнына, у ағызып, ұлтқа қарсы шығып отырғандарды  қалай ұстаз деуге болады?

Уағызды кім көрінген айту қашан тоқтайды? Ондайларға ҚМБД қандай шешім, қандай пәтуа шығарып отыр?

Қасиетті Ислам дінімізді қауіпті ағымға айналдыру үшін барын салып жатқандар қазір қайта күшейіп келеді. Заң сақталуға тиіс сот залында қара жамылғандар қаптап жүрсе, басқа жерде басқа шықпағанда қайтеді?" Деген Қазыбек Иса ұлттық ұғымға қарсы уағызшыларға заңмен тыйым салуды, жазалауд сұрады. 

 

 

Барлық жаңалықтар