Қазақстандық актер әрі вайнер Мейірхан Шернияров өзіне жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, неліктен Мейіржан Төребаев өзімен бірге бостандыққа шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Democrat.kz Azattyq Rýhy- на сілтеме жасап.
«Үйқамақтағы алты ай есепке алынған жоқ»
«Себебі, сот процесі кезінде Мейіржан жарты жыл үйқамақта болды. Міне, дәл осы себепті ол бостандыққа шыққан жоқ. Оның ертерек бостандыққа шығуы үшін дұға етіп қояйық», – деді Шернияров желіде жариялаған видеосында.
Айта кетейік, Актер Мейірхан Шерниязов 3 шілдеде жазасын өтеп, бостандыққа шықты.