"VIP қазақтардың әлемі басқа": Динара Сәтжан тағы мақтанып видео жариялады

"VIP қазақтардың әлемі басқа": Динара Сәтжан тағы мақтанып видео жариялады

Блогер, тележүргізуші Динара Сәтжан тағы да қонақ күтіп жатқанын айтып, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Желіде жарияланған кадрларда Динара Сатжан аспазшымен бірге түрлі тағам әзірлеп, мол дастархан жайып жатқан сәттер көрсетілген. 

Жұрттың назары екі нәрсеге ауды. Біріншісі, аспаздың дайындайтын тағамдары болса, екіншісі, Динараның үйіне келген "вип қонақтардың" әрекеттері болды. 

Арнайы жалдаған аспаз қонақтарға қандай тағам ұсынатынын санамалап, айтып бергенде, "аты аталған тамақты өмірінде ешқашан бір рет те көрмегенін, естімегенін" айтысқан кісі аз болмады. 

Ал келген қонақтардың бірі қабырғадағы суретке назар салса, енді бірі әкелген бағалы сыйлықтарын үй иесіне ұсынып жатты. 

"Вип қазақтардың отырысы да бөлек. Ішетін, жейтіндері де бөлек екен", "айатын әңгімелері де мүлде басқа екен" дескен оқырмандар арасында "бай байға, сай сайға құяды" деген мақалды жазғаны көп. 

Барлық жаңалықтар