Әсел Әнешова есімді желі қолданушысы Умра сапарына барғандағы қызығын айтты.Умрадағы жағдайға сүйсінген қыз жұртқа жақпай қалды, деп жазады Democrat.kz.
Ол мұсылман елдеріне қарағанда, зайырлы мемлекетте хиджаб киіп, дін жолында жүру қыздар үшін әлдеқайда қиын екенін айтты.
«Біздің елде еш жерде жағдай жасалмаған. Тіпті, дұрыс дәрет алуға да мүмкіндігі жоқ. Ал Мекке мен Мәдинада әр дәрет алатын жердің жағдайы аналып кеткен. Әр қадам сайын намаз оқитын жер. Хиджабың дұрыс па, бұрыс па ешкімнің шаруасы жоқ. Тап-таза, етек жеңің амандықта. Ер адамдардан сый құрмет сезіліп тұрады», – деген ол, орамал таққан күннен бастап түрлі хейтке тап болғанын жеткізді.
Алайда, оның бұл салыстырмалы түрде суреттеуі желідегі жұртқа жаға қоймады. Пікір білдіргендердің алды «Сол жаққа көшіп кетсеңші, барлық жағдайың жасалып тұрса» деп, өзге елде өзін сұлтан сезінген аруға кеңес берген.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)