"Зәкең болса, бастарын жұлып алар еді" деген Мақпал Жүнісова тағы бір сұмдықты айтты

"Зәкең болса, бастарын жұлып алар еді" деген Мақпал Жүнісова тағы бір сұмдықты айтты

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова үйіне қомақты қаражатқа жөндеу жүргізген құрылысшылардың жұмысына наразылық білдірді, деп жазады Democrat.kz.

Әншінің айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғанына әлі бір жыл толмаған. Соған қарамастан үйдің сыртқы қаптамасы мен қасбеті опырылып, кей жерлері ажырай бастаған.

Мақпал Жүнісова құрылысшыларға 55 миллион теңге төлегенін айтты.

«Жөндеу жұмыстарына бір жыл да болған жоқ. 55 миллион ақша алды. Төрт ай жұмыс істеді, тамағын бердік, ақшасын төледік. Енді үйдің жан-жағы түсіп жатыр. Қалай осылай жұмыс істеуге болады?» – деді өнер иесі.

Әнші қасбеттің дұрыс бекітілмегенін айтып, кей бөліктері салбырап тұрғанын көрсетті.

Ол құрылыс бригадасының басшысын танитынын, алайда соттасуға уақыты жоғын да жеткізді.

«Халық білсін деп көрсетіп отырмын. Мынаның астын дұрыс жасамаған. Бәрі ілініп тұр. Қалай жыламайсың?» – деді Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі сөз соңында марқұм жары Заманбек Нұрқаділовті де еске алды.

«Әттең, Зәкең жоқ. Бастарын жұлып алатын еді», – деді әнші.

Мақпал Жүнісованың жазбасы желі қолданушылары арасында құрылыс сапасы мен қымбат жөндеуге кеткен қаражаттың нәтижесіне қатысты пікірталас тудырды.

Барлық жаңалықтар