"Замәкім" Берденовке оқ атқан жігіт өз шындығын жайып салды

"Замәкім" Берденовке оқ атқан жігіт өз шындығын жайып салды
 
Шымкент әкімдігінің нақ алдында «замәкім» Руслан Берденовке үш мәрте оқ атқан Ернар Жиембай сотта сөйледі деп жазады Democrat.kz.
 
Е.Жиембай ол кезде әкімдікке қарайтын «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының директоры болған еді. 
 
Осы мәселеге қатысты: "Айыпталушы Е.Жиембай өзінің бұл әрекетіне өкінетінін айтты. «Мұның бәріне қызғаныш себеп болды.
 
Бұл жеке мәселе, жұмысқа қатысы жоқ» деді ол. Оның бұл мәлімдемесі журналистер алғаш жариялаған оқиғаның себебіне дәл келеді.
 
Е.Жиембайға тергеу органы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») және 24-бабы («Қылмысқа дайындалу және оқталу») бойынша айып тақты. Жан дүниесін қызғаныштың қызыл оты шарпып кеткен Е.Жиембайды басқа баппен айыптау жөнінде мен бұған дейін екі пост жазғам" деп жазған журналист Ораз Әлімбеков ескі жазбаларына сілтеме жасады. 
Барлық жаңалықтар