"Замәкім ісі": Сотта Руслан Берденовтен кешірім сұрады

"Замәкім ісі": Сотта Руслан Берденовтен кешірім сұрады

Шымкентте әкімнің орынбасарына қастандық жасау ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Сотта Руслан Берденов сөз сөйлеп, оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол оқ атқан адамның жары Луиза Алданованы мүлде танымайтынын және онымен жеке қарым-қатынасы жоқ екенін айтты. Берденов қастандықты өзінің қызметтік жұмысына байланыстырып отыр.

Оның айтуынша, Жиембайды өмірінде небәрі үш рет қана – әкімдіктегі жиындарда көрген. Сондай-ақ, Жиембай Луиза Алданованың ағасы арқылы оған "кешірім" жайында хабар жеткізбек болғанын айтты. Бірақ Берденов мұны татуласуға емес, қысым көрсетуге талпыныс деп бағалаған.

Сотта Ернар Жиембай да, оның әкесі де жәбірленуші Руслан Берденовтен кешірім сұрады.

 

Барлық жаңалықтар