Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі Нұрбибі Нұрқаділова өзінің желідегі парақшасында соңғы уақытта бойын билеген қорқынышы туралы мамандардан ақыл сұрап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Өз жазбасында Нұрбибі Нұрқаділова: "Құрметті құрылысшылар, архитектур, құрылыс жобасын жасаушылар, алматылық көпқабатты үйлердің жер сілкінісіне шыдамдылығына қатысты өз пікірлеріңізді айтыңыздаршы, өтінемін.
Мен 15 қабатты үйдің қақ ортасындағы пәтерде тұрамын. Зілзала қорқынышынан аза бойым, қаза болып, қорқыныштан өзімді қоярға жер таба алмайтын жағдайға жеттім", деп жазып, көмек сұрады.
Нұрбибінің бұл жазбасына қатысты оқырмандары да өз қорқыныштары туралы ойларымен бөлісті. Тек бір ғана архитектур Алматыдағы үйлер сейсмологиялық талаптарға сай салынатынын айтты.