Зарина Омарова ота жасап, дене бітімін өзгерткен

Зарина Омарова ота жасап, дене бітімін өзгерткен

Танымал әнші Зарина Омарова денесіне ота жасап, артық салмақтан арылды.  Өнер иесі ота жасауды көптен бері ойлап жүргенін айтты.

“Мен бұл қадамға амалсыз бардым. Осыған дейін ешкімге ештеңе айта алмадым. Артық салмақпен ұзақ уақыт күрестім. Болмады. Сахнаның адамы болғандықтан, осылай жасауға мәжбүр болдым. Ота алдында қорыққанымнан қатты жыладым. Бірақ дәрігерлерге сенім арттым", – деп әнші жан сырын ақтарды.

 

Эстрада жұлдызының әкесі композитор Марат Омаров та қызына қолдау білдірді.

“Қызым әрқашанда жолың ашық болсын! Қорқыныштың артында, қуаныштың да күні алыс емес. Бақытты бол жаным!" – деп жазды сазгер.

Желі қолданушылары әншінің су жаңа дене бітімін талқылап жатыр.

“Артық май мен ісікті кетіретін ота жасаған”, “Мен де 4 бала туып, дене бітімімді өзгертіп алдым. Өзімді керемет сезінемін”, “Спорт пен диета көмектеспеген бе сонда?!”, “Менің құдашам жасатып, өліп кетті”, “Су жаңа салмағыңыз құтты болсын”, – деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалықтар