Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты жаңа тәсілдер әзірленіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп Democrat.kz. сайты BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, еліміздегі демографиялық жағдай өзгеріп келеді. Сонымен қатар халықтың өмір сүру ұзақтығы артып жатыр. Осыған байланысты қазіргі зейнетақы жүйесін жаңа жағдайларға бейімдеу қажеттілігі туындаған.
Еліміздегі демографиялық құрылым өзгеріп келеді. Халықтың өмір сүру ұзақтығы да артып жатыр. Сондықтан зейнетақы жүйесін жаңа жағдайларға бейімдеу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты біз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қыркүйек айына қарай жалпы зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді ұсынуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Тимур Сүлейменов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.
Сонымен бірге Ұлттық банк басшысы зейнетке шығу жасын өзгерту мәселесі қарастырылып жатпағанын атап өтті.
Зейнетке шығу жасын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Біз жекелеген тәсілдерді қайта қарауды көздеп отырмыз. Өз тарапымыздан, бұл жөнінде Сенат депутаттарына да баяндадым, зейнетақы қорының инвестициялық табыстылығын арттыруға бағытталған бірқатар шара қабылдауды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде азаматтар зейнетке шыққан кезде табысты алмастыру деңгейі жоғары болуға тиіс, – деді Ұлттық банк басшысы.
Сүлейменовтің айтуынша, жоспарланып отырған өзгерістер зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады.