Танымал математик Асқар Жұмаділдаев қазіргі қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты өз пікірін білдіріп, зиялы қауымның қате тірліктерін айтты деп жазады Democrat.kz.
"Біздің зиялы қауым болмайтын нәрсені айтып, болмайтын нәрсеге босқа шулап жүр. Оның керегі жоқ.
Сіз шынымен де тіл жанашыры болсаңыз, өтірік емес, шын болсаңыз, онда жасанды интеллектке кіріңіз.
ЖИг сұрақ беріңіз. Сол жерде жауабын тексеріңіз. Қатесі болса, түзетіңіз. Сонда машина тіліңізді үйренеді.
Ал үйде жатып алып, "дүкенде орысша сөйлепті" пәлен, түген деудің бәріқытымбай әңгіме. Мысалы жүз мыңдаған дүкен, кафе бар.
Ол жерлерде миллиондаған кісі жұмыс істейді. Сол миллионның ішінде бір дурак шықпай ма? Сол дуракпен кездесіп қалсаң, сен де дурак болып жүресің бе?
Ондай әңгімені қою керек. Біз конструктивті жүйемен жұмыс істеуіміз керек", деді Асқар Жұмаділдаев.