Белгілі журналист Дана Нұржігіт қоғамда бірнеше уақыттан бері қызу талқыланып жатқан блогер Наташа Қалымбетоваға қатысты жазба жариялап, одан арнайы сұхбат алатынын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Наташа Қалымбетова. Бірнеше күннен бері осыдан 32 жыл бұрын бір топ айуанның қолына түсіп зорланған, аяғы ауыр болып,дүниеге келген баласынан көз жазып қалған ана біздің марқұм әріптесіміз Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін кеше білдім.
Білдім де “аһ” ұрдым!
Бұл мәліметті маған жеткізген радиодағы әріптесім @zhanarorazymbet рақмет!
Мен Наташаға бірден хабарласып,бүгін жылап көрістік! Наташаны Азамат хәл үстінде жатқанда ғана біліп,естігенім болмаса,бір-бірімізді көрген адамдар емеспіз. Осындайда қолдап,қасынан табылғанды жөн көрдім. Кешке “Dana soz” YouTube арнама подкастымыз шығады"деп мәлімдеді.