Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева кезекті бір сұхбатында жеке өміріне, денсаулығына қатысты айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Журналистің "сіз бір жазбаңызда ажырасу туралы жаздыңыз. Күйеуіңізден ажырасып кеттіңіз бе?" Деген сұрағына актриса: "Журналистерге бір нәрсе айтсаң, тігісін айналдырып, сайттарға жариялай жөнеледі емес пе.
Бір эмоциямен отырып жазған дүниемді түрлі сайттар түрліше бергені бар. Бір журналистке "ұшақта ұша алмаймын, денсаулығыма байланысты" деп айтқам ғой.
Ертесіне "Жұлдызайдың жағдайы нашар екен, ауыр дертке шалдығыпты" дейтін хабарлар тарады. Алыс жақын шетелден адамдар хабарласып, жағдайымды сұрап, тіпті бір кәсіпкерлер "ақшасын айт, біз төлеп берейік, емделіп ал" деп қызық болған.
Алып бара жатқан ауру емес, әр адамда кезедесетін ауру ғой, қазір жазылып кеттім.
Сол сияқты желіде жазған бір жазбама қарап "ажырасып кетіпті" деп шулатты. Жоқ, әзірге ажыраспадық", деп жауап берді.