Танымал әнші Ернар Айдар өзінің парақшасында марқұм әкесін еске алып, оқырмандарын жылатты деп жазады Democrat.kz.
Ернар Айдар "Әкемді жоқтау" әнін шырқап, марқұм әкесін қалай сағынғанын жеткізіпті.
"Сағынып жүзіңді әке, өзіңді әке
Жабығып өтуде көп күнім әке"деп жырлаған әнші әкесінен қалған заттарды қастерлеп ұстап, балалық сағынышын көрсетті.
Әншіге көңіл айтқан көпшілік қайтыс болған өз әкелерін де еске алып, "ондаған жыл өтсе де, әкемнің қоңыр даусын әлі сағынып жүрмін, бір жылап алдым"дейтін пікірлер жазуда.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.