Маңғыстаулық экс депутат Ынташ Наурыз өзінің парақшасында "жауапқа тартылатыны" туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
ТикТоктағы рилсінде Ынташ Наурыз өзіне әкімшілік жаза бойынша соттан шақырту қағазы келгенін жариялап:
Алғаш түсініктемені 11 маусымда алған еді. Араға 2 салып, қайта шықты. Ехх не дейін енді азаматтар. Алла кешірсін сендерді.
Үйімді жинап дайындалып бастап едім. Себебі мен не айтсам да, жүз пайыз дәлелім болса да, жеңе алмайтынымды біліп тұрмын.
Айыппұл болса да шүкір, бірдеңе қылып табармын. Ал жиырма тәулікке қамаса қайтемін? Балам мені іздеп құса болатын болды деп іштен қимай отыр едім" деп жазба жариялады.

