Әкім Нұрдәулет Қилыбайдың қызметіне қауіп төнді ме, неге оны ақтаған жазбалар көбейді?

Әкім Нұрдәулет Қилыбайдың қызметіне қауіп төнді ме, неге оны ақтаған жазбалар көбейді?

Бірнеше күннен бері Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайды ақтайтын, жақтайтын жазбалар әлеуметтік желіде қаптап кетті деп жазады Democrat.kz.

Таяуда ғана экс депутат Ынташ Наурызованың шағымы бойынша соттың "Нұрдәулет Қилыбайды Ынташ Наурызовадан туған бала Әміренің әкесі деп тану және алимент төлеуге міндеттеу"уралы шешімі шыққан еді. 

Осы сот шешімінен кейін Маңғыстау облысының әкімін мақтап, ақтап, жақтайтын түрлі жазбалар көбейіп кетті. 

Мәселен, кеше ғана танымал журналист Ришат Асқарбекұлы да Нұрдәулет Қилыбайдың "ерен еңбектерін" тізбектеп пост жазды

Журналистің жазбасы емес, сол жазбаның астын жазылған пікірлер маңыздырақ көрінді. 

Өйткені, әкім әлдебір шаруа атқарса, сол жұмысы үшін бюджеттен миллиондап ақша алады және атқаруға тікелей міндетті. Оны әспетеудің қажеті шамалы. 

Ал өз баласын соттың  күшімен мойындаған әкімді әкім ретінде емес, адам ретінде баға беруге әркімнің қақысы бар. 

Бәрінен де ерекше назарға іліккені, жазылған пікірлердегі "әкім өзін ақтау үшін блогер, журналистерді "жұмылдыруда" дегенге саятын және "Маңғыстау өңірін Нұрдәулет әкім емес, Алиба деген біреудің басқаратыны" туралы пікір болды. 

Көкейде қалған екі сұраққа Нұрдәулет Қилыбай тарапынан жауап боларына күмәніміз басым. Десек те, бәлкім сіз білерсіз, Маңғыстауды Алиба деген біреу уысында ұстап отырғаны рас па? Және әкім Нұрдәулет блогер, журналистерге өзін ақтауды сұрап, өтініш жасады ма? Қалай ойлайсыз?

 

 

Барлық жаңалықтар