"Алданып қалған боларсың": Қоғам белсендісі Димашқа үндеу жасады

"Алданып қалған боларсың": Қоғам белсендісі Димашқа үндеу жасады
Қоғам белсендісі, "Демос" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тұрарбек Құсайынұлы танымал әнші Димаш Құдайбергенге өтініш жасап, үндеу жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Димаш бауырым!
путиншіл режиссер Алина Верипямен Кённисбергте (путиннің Санкт-Петербургтен кейінгі сүйікті қаласы ,қазіргі Калиниград) бірлесіп түсірген, яғни орыстардың саяси пропагандалық жобасы боп табылатын бейнеклипіңді (“The Story of One Sky”)
https://youtu.be/1Psjws97FoA?si=DqQg49acCH-YeUz7 YouTube арнаңнан тез арада алып тастауыңды өтінемін!
 
Өйткені бұл клипте ресейде «шетелдік агент» деп танылған, бірақ халықаралық беделге ие "МЕМОРИАЛ" ұйымы мен 2022 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығын иеленген украиналық «ЦЕНТР ГРАЖДАНСКИХ СВОБОД» атты құқық қорғау орталығының логотиптері бар адамдарды сен қолыңа автомат алып
жау-дұшпан ретінде атып, өлтіріп жатырғаның бейнеленген.
 
Меніңше бұл - кездейсоқтық емес және бұл
ресейдің қазіргі идеологиялық шаблонына сай келетін, яғни халықаралық құқық қорғау ұйымдарды қаралау мақсатындағы жасырын жасалған саяси месседж.
Бәлкім, сен ресейдің "русский мир" делінетін идеологиясы мен провокациясына алданып қалған шығарсың.
 
Бірақ енді сен үнсіз қалмауға тиіссің.
Өнер тек бейбітшілікті ғана қолдауы керек,
ал соғыс пен агрессияны ақтамауы тиіс!
 
Сондықтан да бұл клипті тез арада өз арнаңнан алып тастау сенің ғана емес,
бүкіл қазақ халқының абыройы үшін маңызды қадам болар еді" деп жазды Тұрарбек Құсайынұлы.
Барлық жаңалықтар