Алматы әкімі имамдарды жұмыссыз қалдырмақ па, мынау не масқара?

Алматы әкімі имамдарды жұмыссыз қалдырмақ па, мынау не масқара?

Алматы қаласындағы жерасты жолдарында Құран аяттарының қосылып тұруы, тұрғындар арасында түсінбестік тудыруда, деп жазады Democrat.kz. 

Осы орайда қоғам белсендісі Әсел Таухан Алматы қаласы әкімдігіне сауал жолдады. Қоғамдық орында діни насихат жұмыстарын жүргізуге кімнің мұрсат бергенін білуге тырысқан белсенді «Мемлекеттік аймақта діни мәтінді қоюға рұқсат алған дыбыс режиссер кім? Қарапайым дүниені айта кеткім келеді: жер асты жолдары  – жалпы қалалық инфрақұрылым.

Ол мұсылманға да, христианға да, атеистке де, буддистке де, шамандарға да, бәріне тиесілі. Құрметті, әкім мырза! Сізге жүктелген міндеттемелер оңай емес екенін білемін, бірақ қалалық ортаны бақылау бонус емес – міндет» деп қадап айтты. 

Сондай-ақ қоғам белсендісі бұл мәселе төңірегінде әкімдікке арнайы қызметтік тексеріс жүргізуге өтініш жасаған да көрінеді. 

«Мен қатал болса да шынын айтайын. Егер Алматы әкімдігі діни эфирді жеке дара жүргізе беретін болса, онда жуырда имамдар жұмыссыз қалады. Ал әкімдіктегілердің есіне саламын, қала мердігерлердің де, кездейсоқ қызметкерлердің  де меншігі мемес,   сіздердің жауакершіліктеріңізде!» – деп, аталған мәселе төңірегінде жедел шара қабылдауды ұсынды. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар