Алматыда өзен маңынан граната мен қару-жарақ жасырылған қойма табылды

Алматыда өзен маңынан граната мен қару-жарақ жасырылған қойма табылды

Алматы полициясы өзенге жақын жерден қару-жарақ жасырылған құпия орынды анықтады. Ол жерден газ тапаншалары, граната және шолақ мылтықтар тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Democrat.kz.

Қару-жарақ сақталған орын Алматының Дархан шағынауданында, өзен маңынан табылған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, операцияны ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген.

Жасырын қоймадан бірнеше газ тапаншасы, граната және тегіс ұңғылы мылтықтардың шолақ нұсқалары алынған.

Барлық зат сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Сарапшылар қарудың шығу тегін, кімге тиесілі болғанын және оның бұл жерде қанша уақыт жатқанын анықтауы керек. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Барлық жаңалықтар