Ақтөбедегі пакетте табылған сәби туралы тың дерек шықты

Ақтөбедегі пакетте табылған сәби туралы тың дерек шықты

23 мамыр күні Ақтөбе қаласының шетіндегі үй аулаларындағы ағаштың түбінен жаңа туған нәресте табылған. Сәби аузы байланып қойылған екі полиэтилен пакетінің ішінде жатқан. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп жазады Democrat.kz.

Нәрестені ауруханаға жеткізген кезде оның салмағы 2900 грамм болған, ал қазір 3120 граммға жеткен. Дәрігерлер баланың жағдайын орташа ауырлықтағы деп бағалап отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл бала жақсы тамақтанып, салмақ қосып жатыр. Қазір ол қалалық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Сәбиге Батыр есімі берілген.

Нәресте стационарға түскен кезде 2900 грамм тартса, қазіргі салмағы 3120 граммды құрайды. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлықтағы деп бағалайды.

«Талдау нәтижелері қалыпқа келді, қазір баланы Сәбилер үйіне ауыстыруға дайындап жатырмыз», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Барлық жаңалықтар