"Әскердегі өлімнің басты себебін білемін" деген жігіт сұмдық нәрсені айтты

"Әскердегі өлімнің басты себебін білемін" деген жігіт сұмдық нәрсені айтты

ТикТок әлеуметтік желісінде Бекасыл атымен тіркелген жігіт қазіргі әскердегі сорақы жағдайлар туралы айтып, ол жақта сарбаздар неге өздеріне қол жұмсайтынын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Әскерде жігіттер әлсіз болғаны үшін өлмейді. Бұрынғы әскерге барғандар "біз де таяқ жедік, шыдадық қой" деп жатады. Олай емес. Қазіргі әскерде жігіттер таяқ жегеннен өліп жатқан жоқ. 

Бұрынғы әскерде ақша сұрау деген нәрсе жоқ еді. Ал қазір "каспи голд" арқылы ақша сұрату деген бар. 

Таяқ жеуден өлмейміз. Бірақ ақша сұрап ұрғанда...мысалы, ротада қырық адам бар. Солардың екеуі, үшеуі сұраған ақшаны бере алмауы мүмкін. "Гражданкадан" қашып келгендер.

Ондайлардың сыртта күтіп отырған қызы болмауы мүмкін. Ондайлардың ата анасының ақша жіберетін жағдайы болмауы мүмкін. Ол ақша бере алмағаны үшін оны қысымға алады. 

"Сені гражданкада ешкім күтіп отырған жоқ. Сен ақша бере алмайсың" деп қысым жасайды. Ротадағы осындай ақша бере алмайтын сарбаз үшін бүкіл ротаға "дрочка" жасайды. 

Ақша бере алмаған жігіт үшін таяқ жеген басқалары "немене сол бір, екі мың теңге таппай қалдың ба, сенің кесіріңнен таяқ жеп жатырмыз" деп ренжіп бастайды. 

Міне, сарбаз таяқтан емес, осындай намысқа тиетін сөздерге шыдай алмайды. Әрине, осындай ауыр сөздерден кейін солдат өзіне қол салады. 

Сондықтан, бүкіл әскердегі солдаттар мен әскери қызметкерлердің "каспи голдын" тексеру керек, сол кезде бәрі мәлім болады" дейді Бекасыл. 

Барлық жаңалықтар