Әскердегі сарбаз өзін атып өлтірді

Әскердегі сарбаз өзін атып өлтірді

Өскемен қаласында мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Democrat.kz.

Құрлық әскерлері баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 қаңтар күні Өскемен гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде болған.

«Қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан өзін-өзі атып жіберген. Алған жарақаттарынан ол оқиға орнында көз жұмды», – делінген ресми хабарламада.

Марқұм сарбаз өткен жылдың сәуір айында әскер қатарына шақырылған.

Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігі Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу барысы Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына вице-министр Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен арнайы комиссия жіберілді.

Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер қаза болған сарбаздың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.

 

Барлық жаңалықтар