Астанада рекордтық көрсеткіш тіркелді

Астанада рекордтық көрсеткіш тіркелді

14 шілдеде Астанада ауа температурасы +38,6°C-қа жетіп, 1992 жылы осы күні тіркелген рекорд жаңарды, деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы Қазгидромет РМК Kazinform-ға берген жауабында мәлім етті. 

Қазгидрометтің мәліметінше, бұл — 14 шілде күнгі ауа температурасының жаңа рекорды.

— Қазгидромет бақылау желісінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 14 шілдеде Астанада 14 шілде күнгі ауа температурасының жаңа рекорды тіркелді. Ауаның ең жоғары температурасы +38,6°C-қа жетіп, 1992 жылы тіркелген +35,3°C көрсеткіштен 3,3 градусқа жоғары болды, — делінген кәсіпорынның ресми жауабында.

 

Барлық жаңалықтар