Астананың сол жағалауындағы салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Жалын ғимараттың бірінші қабатынан жетінші қабатына дейінгі жылу оқшаулағыш материалды шарпыған, құтқарушылар өртті оқшаулады, деп жазады Democrat.kz.
Өрт 6 қыркүйекте Астананың Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болды.
Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен кезде ғимараттың сыртқы жылу оқшаулағыш материалы ашық жалынмен жанып жатқан.
Өрт бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін таралған.
Құтқарушылар бірнеше өрт сөндіру желісін іске қосып, үздіксіз су беру жүйесін ұйымдастырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің оқшауланғанын хабарлады.
Қазіргі мәлімет бойынша зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталады.