Әлеуметтік желіде қыздар мен жігіттер "байдың қызын ғана алу керек" деген пікірге қатысты қызу талқылап, өз пікірлерін жазуда деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде jaxandy_kez атымен тіркелген азамат:
«Байдың қызын алыңдар: тоқшылықта өскен қыз бақытты болады, тәрбиелі болады. Баршылықта өскен қыз білімді болуға ұмтылады, кез келген нәрсенің қадірін біледі, дұрыс ойлау қабілеті қалыптасады.
Ертең тұрмысқа шыққанда жағдайға қарай бейімделе алады.Ал кедейдің қызын алсаң, бар болса да “жоқ” дей береді, алғанның үстіне ала бергісі келеді.
Тойымсыз, надан болады. Кедейдің үйінде ұрыс-керіс көп болады, соны көріп өскен қыз ақша болса - бақытты, болмаса - өзін құрбан сезініп, қанағатсыз болады», деп "Байдың қызын алатындай өзіңде сол жақсы саналы дәрежеде болуың керексің, бай болуың керексің демеймін, өйткені банкроттық жағдайларда кездеседі, сол кезде осындай текті қыздар жаныңда қолдаушы бола алады. Амбициозный қол қусырып отырмайтындардан болуың керек", дегенді де қосты.
Желі қолданушының бұл жазбасы қыздардың намысына тисе керек, жазбаға қатысты қарсы сөздер жазуда.
Ал жігіттер жағы бұл жазбаны қолдап жатыр.