«Бала емізе ме?» – Ринат Зайытов кейбір еркектерге шүйлікті 

«Бала емізе ме?» – Ринат Зайытов кейбір  еркектерге шүйлікті 

Парламент мәжілісінің депутаты Ринат Зайтов  ер адамның бала күтімі бойынша демалысқа шығуын – намысына тию деп ойлайтынын айтты, деп жазады Democrat.kz.

Оның пайымдауынша, бұл масылдыққа мүмкіндік беретін жол болып табылады екен. «Өйткені еркекке не үшін демалыс береміз? Баланы әйел табады, сүйектері мен буындары орынына келсін, баланы емізсін дейміз. Оның осындай негізі бар. Ал еркек адам не істей алады? Оның денсаулығына қандай зақым келді немесе баланы емізе ме? Сондықтан өз басым мұны құптамаймын», – дейді депутат.

Барлық жаңалықтар