"Барлық мұғалімге премия бірдей берілсін!": Белсенді педагог Қаныбек Жұмашевке үндеу жасап, ұсынысын айтты

"Барлық мұғалімге премия бірдей берілсін!": Белсенді педагог Қаныбек Жұмашевке үндеу жасап, ұсынысын айтты

"Мұғалімдер әр  мерекеде премия алады" деп басы дауға қалған Оқу ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің басшысы Қаныбек Жұмашев мәлімдеме жасап, тағы да көптеген сұрақтың астында қалды деп жазады Democrat.kz.

"Премия" дауының басылмасына көзі жетті ме, Қаныбек Жұмашев әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы мәлімдеме жасап, кез келген мәселені ашық диалог арқылы шешуге ұсыныс жасағанын жазған едік.

"Мұғалімдер мереке сайын премия ала ма?" сауалына қатысты Қаныбек Жұмашев мәлімдеме жасады

Қаныбек Жұмашевтің осы жазбасының астына Майра Құрмашева атты педагог қазіргі білім саласындағы ең басты мәселелерді тізіп: 

"Құрметті Қаныбек мырза!
Жәй ғана бір ұсыныс жазайын, қажет деп санасаңыз.
1. Алдымен бастауыш сыныптарда оқушы санын ( қалаларда) 16/18 ден аспайтын жағдай жасау;

2. ҰБТ мәселесі қайта қаралу. Қазіргі оқушылар тек тест жаттаумен ғана шектелуде. 11 сыныпта олай болса тек негізгі пәндерді оқуды ғана қалдыру немесе ҰБТ алып тастау, орнына мектептен емтихан тапсырту. Бұрыңғы жүйемен. Жеке орталықтар , ҰБТ онлайн курстарды тоқтататын кез келді.

3. Тәрбие саласы. Жоғарыдан келетін саны бар сапасы жоқ іс - шаралар легін жүйелеу. Көбіне фотоотчет үшін атқарылатын нәрселер. Ата- аналарды оңды- солды мектептерге шақыруды, сол шараларға қажет емес. Ата- ана тәрбиені баласына үйінде береді. Ұяда не көреді, соны алады.

4. Көптеген байқаулар, мерейтой иелері. Ақылы. 500 т. /700 т Мүлдем қажет емес.
Әр мектеп " өз қазанында күнделікті шаруасымен қайнағаны жөн". Оңды - солды сабылмай. Сол секілді мұғалімдерге де арналған семинар, форумдар...

5. Тәртіп мәселесі. Шәкіртке де мұғалімге де қатысты. Тәртіп болу керек. Мектеп басшыларында мінез болуы да қажет. Ұстамдылықпен қатар қаталдық және адамгершілік.

6. " Мұғалім статусы!"
-Мұғалімдерге ,өзіңіз жоғарыда жазғандай әр жыл сайын бір ұстазға бір пәтерден бергізіңдер;
- Премия мәселесі. Кәсіподақ тарапынан мемл. мерекелерде берілсін( беріп жүрген мектептер де бар)
- Мұғалімнің өз жетістігі және оқушысының жетістігі Ұпай бойынша, мысалы
- мектепішілік - 10.000 т
- облыстық деңгей 30.000 т
- респ деңгей 70.000 т

Мысалға.. барлық мектептерге!!!!! Бірдей көлемде берілсін. / А то, бір мектеп мұғалімі обл деңгейде 200.000 алады екен, ал басқа мектеп мұғалімі 12.000 алады екен. Ай мен жер..дегендей. Премия мәселесін Жаңа оқу жылына дейін анықтаңдар.

7. Сөз соңында әр область білім басқармалары шама келгенше мектепке, мұғалімге, оқушы, ата- анаға қатысты түйткілді мәселелерді өз " қазанында " шешу жағын қолға алу. Осы айтпағым...
Дұрыс па бұрыс па?", - деп сауал жолдады. 

"Ашық диалог құрайық" деп мұғалімдерге өзі үндеу жасаған Қаныбек Жұмашев әзірге педагогтың бұл ұсыныс-сұрауларына жауап бермеді. 

Барлық жаңалықтар