Отбасы банк сұранысқа ие ипотекалық бағдарламалардың бірі – “Наурызды” қайта іске қосты.
Шілде айында бағдарлама бойынша несие беру тоқтатылған еді.
Банк Қазақстан қор биржасында (KASE) 150 млрд теңге тартқанын және несие беруді қайта бастағанын мәлімдеді.
Бағдарлама шарттары өзгеріссіз қалды: бастапқы жарна – кемінде 20%, қарыздың ең жоғары сомасы Астана мен Алматыда – 36 млн теңге, өзге өңірлерде – 30 млн теңге. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 9,6%-дан 13%-ға дейін. Несиені өтеу мерзімі – 19 жылға дейін.
"Наурыз" бағдарламаларының шарттары:
- алғашқы жарна: таза әрлеудегі тұрғын үй сатып алу кезінде 10%-дан және әрленбеген немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй сатып алу кезінде 20%-дан бастап;
- тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6% дейін);
- азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,4%-дан 13% дейін);
- несие мерзімі - 19 жылға дейін.
Гүлжан Раманқұлова.