Бекболат діндар Ринат Зайытовтың масқарасын шығарды

Бекболат діндар Ринат Зайытовтың масқарасын шығарды

Діндар Бекболат Тілеухан Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың дыбыстық хабарламасына жауап беріп, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Діндарға жолдаған дыбыстық хабарламасында депутат өзінің бір мәселе бойынша ақыл сұрағысы келетінін айтып, "қазақты қазаққа айтақтап жатқандары қалай? Қазақты осылай әдейі бөлу үшін жасап жатқан сияқты. Сол туралы өзіңізбен сөйлесіп, ақылдасайын деп едім"деген сауал жолдапты. 

Депутаттың сұрағына қатысты діндар: "Дұрыс айтасың, айтақтап жатқандар бар. Бірақ айтаққа ілесіп отырған өзің, мен емес. Кластасың айтып еді ғой, "аға, көңіліңізге алмаңыз, Ринат ішіп алып, шегіп алып айта береді" деп. 

Дұрыс айтасың. "Жапалақты таспен ұрсаң да, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледі" , бұдан тек қазақ зиян көреді. Кезінде Ахмет, Міржақыптарды да өз қазағы түбіне жетті ғой. 

Сендер маған жабыстыңдар. Менің көзімді құртуға тырыссаңдар, өздеріңе зиян болады. Бұл не тексіздік пе, әлде ішіп, шегіп айтасыңдар ма? Әлде "терпиласың" ба? Мұны қалай түсінуге болады?"деді Бекболат Тілеухан. 

Барлық жаңалықтар