Белгілі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында діндар Бекболат Тілеухан өзінің қолдаушысы Қайрат Сатыбалды туралы өз шындығын айтты деп жазады Democrat.kz.
Бекболат Тілеухан кезінде өзіне Қайрат Сатыбалдының үлкен қолдау жасағанын жасырмай: "Қайрат Сатыбалды маған қолдау жасады. Назарбаевқа айтып, депутат та болдым.
Қайрат Сатыбалдының басына күн туғанда, бетімді табақтай етіп, басқаша сөйлесем, бала-шаға мен жұрттан ұят болмай ма?
Қайрат Сатыбалдыдан көрген жақсылығым көп. Қайрат маған жер берді, үй салдым. Қайрат маған көлік әперді. Қайраттың арқасында оралмандарға көмек бердім.
Қайраттың арқасында қаншама мешіттердің салынуына мұрындық болдым", -деп көрген жақсылықтарын тізіп берді.